Текст
Мектебімізде ата-аналарға арналған "Баланың кәсіби бағытын анықтауда ата-ананың рөлі" тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды баланың болашақ мамандығын таңдауға бағыттап, олардың кәсіби бағдар берудегі маңызын түсіндіру.
Тренинг барысында қатысушыларға баланың қабілеттері мен қызығушылықтарын дұрыс бағалау, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып қолдау көрсету жолдары туралы кеңестер берілді. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, ата-аналар арасында өзара тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды.