"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОҒҚ жылдық есебі

30.05.2018

«Жалын»

оқушылардың ғылыми қоғамының

2017-2018 оқу жылындағы

жылдық есебі

Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаттары мен міндеттері:

1 Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық

қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту,

шығармашылық  сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;

2 Оқу мекемелерінде оқушыларды

тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуына, еңбекке шығармашылық тұрғыдан

қарауға, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға, жоғары адамгершілік

қасиеттер мен рухани мәдениетті дамытуға белсенді түрде көмектесу; 

3 Мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық таңдауына және мамандық

бағытына көмектесу болып табылады;

4.  Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру;

5. Ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, бағыттау.

6. Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін ,Елінің гүлденуі мен өркендеуіне ұйытқы болу,қолдау көрсету;

7. Оқушының жан-жақты дамуына, еңбекке, ізденуге, ғылымға шығармашылық тұрғыдан қарауға азаматтық көзқарас, халқының тарихы мен мәдениетін қалыптастыру;

8. Оқушының қандай да бір ғылым саласындағы ынтасын арттыру, сонымен қатар, оның жалпы интеллектуалдық деңгейін көтеру.

Қазіргі кезде білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің бірінен айналуда. Дүние жүзінде білімнің құны жоғары артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.

     

Бүгінгі таңда жаңа заманға сай нәтижелі білім беруді жүйелі ұйымдастыру бастауыш сыныптарда ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы қадамы маңызды жұмысы болып отыр. Оқушылардың қабілеті, дарынды, шығармашылық шеберлігі, ізденімпаздығы, дамыту зерттеу жұмысын ұйымдастырудың басты негізі – ғылыми зерттеу жұмысы.

      2017-2018 оқу жылының басында мектебіміздің  «Жалын» ғылыми қоғамы өзінің жұмысын жалғастырды. Қыркүйек айында «Жалын» ғылыми  қоғамының  отырысы өтіп, онда осы оқу жылында қоғамға мүше болатын оқушылардың құрамы бекітілді. Мектеп бойынша 1 – 9 сынып оқушылараның аралығында барлығы 24 дарынды оқушы бар. 1 – 4  сынып оқушылар саны – 13, ал 5 – 9 сыныпқа дейінгі дарынды оқушылар саны – 11. Мектеп директорының бұйрығымен әрбір қоғам мүшелерінің жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, қоғам мүшелерінің алғашқы отырысы өткізілді. «Жалын» ғылыми қоғамының жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі

Курмантаева А.И. Дарынды оқушылармен жұмыс екі секцияда жұмыс істейді.  «Сұңқар» (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер) секциясына гуманитарлық әдістемелік бірлестіктерінің жетекшісі Абишева

Ж.Б.., ал «Болашақ» (жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер) секциясына информатика және математика пәнінің мұғалімі Альмуханбетова А.Т. болып бекітілді. Дарынды оқушылармен жұмыс екі секцияда жұмыс істейді. Әр пән мұғалімдерінің өзіндік дарынды оқушылармен жұмыс жоспарлары бар. Сонымен қатар сол жұмыс жоспарларымен әр аптаның сәрсенбі күні жұмыс жасайды. Дарынды оқушылармен жұмыс тек қана жұмұмыс жоспарымен шектеліп қоймай, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, қашықтықтан олимпиадаларға, іс – шараларға белсенді түрде қатысады.

Просмотров: 1242

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст