Родительское собрание «Балалар қауіпсіздігі ортақ жауапкершілік»

26.05.2025

2025 жылдың мамыр айының 26 жұлдызында мектебімізде ата-аналарға арналған жоспарлы жиналыс өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу жылының қорытындысы бойынша мәлімет беру және жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру туралы ата-аналармен пікір алмасу болды.

Күн тәртібі бойынша төмендегі мәселелер қарастырылды:

1. «Балалар қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында ата-аналарға арнайы нұсқаулықтар берілді. Бұл бөлімде оқушылардың мектепке келу-кету жолдарындағы қауіпсіздігі, ғаламтордағы қауіпсіздік мәселелері мен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтылды.


2. «Білім – басты құндылық» тақырыбында IV тоқсан мен жылдық қорытынды есеп, аралық емтихандар кестесі, 9-сынып оқушыларының мемлекеттік емтихандарына дайындық барысы, оқу жылының аяқталуы туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.


3. Жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру – оқушылардың жазғы мезгілдегі бос уақытын мазмұнды өткізу, «Жаз-2025» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар мен үйірмелер туралы айтылды. Сонымен қатар балаларды еңбекке заңсыз тартудың алдын алу жолдары түсіндірілді.


4. Бала еңбегін қанаудың алдын алу туралы ата-аналарға кеңес беріліп, бұл бағытта мектеп пен ата-ананың бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығы айтылды.


5. Жиналыс соңында ашық сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді.

 

Жиналыс жылы әрі тиімді өтті. Ата-аналар тарапынан белсенділік байқалып, өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Мұндай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға және оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жол ашады.

Просмотров: 4083


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу