Текст
20.10.2025
«Ойлан, тап!» интеллектуалды ойыны
Бүгін біздің даярлық сыныбында «Ойлан, тап!» атты қызықты интеллектуалды ойын өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың ойлау қабілетін, логикалық және есте сақтау дағдыларын дамыту, сондай-ақ ұжымдық жұмысқа, бір-бірін тыңдауға және қолдауға тәрбиелеу болды.
Ойын барысында балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, суреттер арқылы ойлану тапсырмаларын орындады. Әр бала белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Іс-шара өте қызықты және әсерлі өтті. Балалардың жүздеріндегі қуаныш пен өздеріне деген сенімділіктің артқаны байқалды. Осындай танымдық ойындар баланың жан-жақты дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.