"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық спорт күні

05.11.2025

Бүгін мектебімізде Ұлттық спорт күні аясында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық ойындарды насихаттау, оқушылардың ой-өрісін дамыту және ата-бабамыздан қалған мұраны дәріптеу болды.

Тоғызқұмалақ — қазақ халқының ежелден келе жатқан зерделік ойыны, даналық пен сабырдың символы. Ойын барысында оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, есептеуге, байыпты шешім қабылдауға және қарсыласты құрметтеуге үйренді.

Жарысқа 5–9-сынып оқушылары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде үздік ойыншылар анықталып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды.

Мектебімізде өткен бұл шара – ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен оқушылардың рухани-мәдени дамуына қосқан маңызды үлес болды.

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст