03.03.2026
1 наурыз – елімізде маңызды мерекелердің бірі – Алғыс айту күні. Осы атаулы күнге орай мектебімізде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекенің басты мақсаты – оқушылардың бойында ризашылық, құрмет, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарына, ата-аналарына және достарына арнап жүрекжарды алғыс сөздерін білдірді.
Мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, шағын көріністер қойылды. Сонымен қатар арнайы дайындалған алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер айтылды. Әрбір айтылған сөз шынайылық пен құрметке толы болды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, мектеп қабырғасындағы татулық пен бірлікті нығайта түседі. Алғыс айту күні – жақсылық пен ризашылықтың жарқын көрінісі.