"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих пен мәдениет сабақтастығы»

02.04.2026

Бүгін білім ордамызда «Тарих пен мәдениет сабақтастығы» тақырыбында даярлық және бастауыш сыныптар арасында сабақтастық сабағы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту.
Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының бай тарихы мен мәдени мұрасы туралы мағлұмат алды. Әртүрлі танымдық ойындар, шығармашылық тапсырмалар және көрнекі материалдар арқылы балалар өз білімдерін тереңдетіп, белсенділік танытты. Әсіресе, ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы дәріптеуге бағытталған бөлімдер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Даярлық сынып оқушылары үшін бұл сабақ бастауыш буынға алғашқы қадам болса, бастауыш сынып оқушылары өз білімдерін бекітіп, кішкентайларға үлгі бола білді. Сабақтастықтың осындай түрі балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартып, бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік береді.
Аталған сабақ оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың тарих пен мәдениетке деген құрметін арттыра түсті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Просмотров: 904


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст