Текст
21.04.2026
«Игі істер марафоны» аясында мектеп еріктілері ауыл тұрғындарына, әсіресе қарт адамдарға қолдау көрсетіп, сауапты іс атқарды. Оқушылар үлкендердің үй шаруасына көмектесіп, аула тазалап, отын жарып, қажетті заттарын тасуға жәрдемдесті.
Бұл игі бастама жастардың мейірімділік, қамқорлық және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосуда. Қарттар өз кезегінде оқушыларға алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.
Марафон барысында еріктілер тек физикалық көмек көрсетіп қана қоймай, қариялармен әңгімелесіп, олардың көңілін көтерді. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамдағы бірлік пен сыйластықты арттыра түседі.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастарды жақсылық жасауға жетелей беретіні сөзсіз.