«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектепте сенбілік өткізілді
23.09.2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектепте сенбілік өткізілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Далабай ауылының негізгі орта мектебінде мектеп аумағын абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында мектеп ұжымы мен оқушылар бірлесе отырып, мектеп ауласын қоқыстан тазарту, аумақты ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау және қоршаған ортаны көркейту жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға баулу.
Мектеп ауласын таза әрі көрікті ұстау – баршаға ортақ міндет. Осындай игі шаралар арқылы оқушылар еңбекқорлықты, ұйымшылдықты және туған жерге қамқорлық жасауды іс жүзінде үйренеді.
Сенбілікке белсенді қатысқан мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыс білдіреміз!
Таза мектеп – таза орта – жарқын болашақ!