"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күні

08.10.2018

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»   Ұстаздар

мейрамына арналған  мерекелік шара

Мектептің ұстаздары жайлы

аудио қосылып тұрады ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)

М — мейірімді

Ұ — ұлағатты

Ғ — ғазиз

А — ақылшы

Л — лайықты

І — іскер

М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

 

Жүргізушілер ортаға шығады

      1- жүрг. Дильназ, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар

қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз

-ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де

шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай,

шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты

болсын!

 

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Диас? Менің ойымша, кез-келген

мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал

өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін

табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз

ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

      Алдарыңызда талантты шәкірттеріңіз «Ұстазым менің» әнімен Тулебаев Диас     

         2-жүрг.  Дильназ, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер

айтып жарысып көрсек қайтеді?

         1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

         2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің

бақытын аялау»,

         1-Жүргізуші:

«Ұстазға қарап шәкірт

өседі»

         2-Жүргізуші:

«Аспаз көрген ат таныр,

ұстаз көрген хат таныр»

         1-Жүргізуші:

«Ұстазыңды ұлы әкеңдей

сыйла»

         2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

         1-Жүргізуші: Диас, екеуміз Ұстаз туралы қанша

мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар,

шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

( Бастауыш сынып оқушылар ұстаз

туралы өлеңдері)

Ойын:

«Ұстазыңды тап». Ортаға 6  мұғалім шығады және 1 оқушы. Оқушының көзін

байлап, аталған мұғалімд қолынан ұстап табу керек.

1 – жүргізуші:

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық,

сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс

үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса

алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен

ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері және режиссері,

көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске

де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет

тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап

күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде.

 

 

Концерттік номерлер:

1.    

9  сынып «Егер мұғалім болмасаңыздар»

2.     5 – сынып «Орыс биі»

3.     Бастауыш сынып КВН

4.     7,8 сынып тамаша

5.     3,2 сынып оқушылары би

6.     9 сынып «Емтихан» пародия

7.     Хор «Ұстазым»

 

 

 

 

2 -жүргізуші:   Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

        Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

        Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

        Өздеріңмен бастау алар әр арман.


1-жүргізуші:   Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар,

        Тұла бойға қуат болып таралар.

        Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып,

        Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар!


1-2-жүргізушілер: Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне

жетіп, сіздермен қоштасамыз. 

Просмотров: 365

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст