"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Екі жұлдыз"

30.01.2019

«Екі жұлдыз» ән байқауы


1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 - Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
1 - Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1.
2.
3.
1 - Жүргізуші:

Сахна төріне №1 жұп –

Салтанатты сәні бар,

Адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар,

Ұстаздарды құрметтей білетін,

Қоғамдық істерде белсеніп  жүретін _____________________________________ мен оның ботадай көзі,

тәп-тәтті сөзі бар __________________________________________әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?
1 - Жүргізуші:

Ортаға №2 жұп –

ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, 

асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын,

ибалы жүзді, ниеті ізгі _______________________________________мен

мөлдір шықтай жаудыраған жанары,

таудай болған ниеті мен талабы,

сыныптастар сенімін ақтай аламын,

бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген __________________________________________________________________________

сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық  
2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші:

Сахна төріне №3 жұп —

өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын,

ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, 

қалаған ісіне шын беріле істей білетін,

үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін ____________________________________ мен әдемі сурет салатын,

сабақтан рахат  табатын,

қатарының гүлі,

сылдырлаған үні бар ____________________________________________________________________ әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз.

2 - Жүргізуші:

Келесі кезекте №4 жұп –

қазақи қалып бойында мүсінделген,

тіл табыса білетін кісіңменен,

асықпай қадам тастап,

жүретін әсем асқақ _________________________________________________ мен талапты, талантты,

бала болса да ісіне жауапты,

сыныптың мақтанышы __________________________________________________________________________ортаға шақырамыз.
1 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар?
2 - Жүргізуші:

Енді ортаға №5 жұп —

өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған,

қоғамдық істерге талпынған,

қисық кетпес салтымнан, 

айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы,  сыпайы ____________________________________________________________ мен мектебіміздің ақылды оқушысы _____________________________________________ әнімен ортаға қошеметпен шақырамыз.

1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші:

Келесі кезекте №6 жұп –

айтқан сөзі шынайы,

мінезі сыпайы,

сөзі алтын,

көңілі жарқын __________________________________________________ мен сынып белсендісі, сымбаттыcы____________________________________________________ ду шапалақпен ортаға шақырайық

1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші:

Ортаға №7 жұп –

өнебойы келбетіне сай түскен,

қашпайтұғын тапсырылған бар істен,

ренжімей күлімдейтін,

ашуы еш білінбейтін,

ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын, 

атқарар ісіне жанын салатын  

_________________________________________________________________мен екілік баға  алмайтын,

класс жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын,

ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт ______________________________________________________________ әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
1 - Жүргізуші: Жұптарымызға айтар сөздеріңіз.
2 - Жүргізуші: Ортаға №8 жұп —

ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай,

әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы,

артық бір сөзі жоқ,

бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ ­­­_______________________________________________________________ мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз ____________________________________________________________________ әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз.

Жұптарға айтар сөзіңіз

Құрметі көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың әнұраны.

Просмотров: 384

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст