"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту күні

11.03.2019

1-наурыз Алғыс айту күніне  байланысты  Өмірлік негізгі мектебінде атқарылған іс-шаралар

 

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев 2016 жылдың 14 қаңтарында  1-наурыз күнін  алғыс айту күні деп жарияланғаны баршамызға аян.  Сол күн жарияланғаннан бері  еліміздің түкпір түкпірінде  алғыс айту күні аясында көптеген іс-шаралар атқарылатыны белгілі.

Біздің мектепте де   арнайы іс-шаралар  жоспары құрылып  сол жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.  Атап айтсақ 25-ақпан күні  1-9 сыныптарда  «Ризашылық күні»  тақырыбында біріңғай сынып сағаттар  өткізілсе, 26-ақпан күні   мерекеге байланысты Тәрбие ісі меңгерушісі  Кеулімжай М.Қ және мектеп психологы  Курмантаева А.И ұйымдастыруымен  мұғалімдер арасында  тренинг өткізілді. Сонымен  қатар 5-9 сынып оқушылары арасында «Эссе жарысы» ,  «сурет сайысы»  ұйымдастырылса, мектепте  оқушылар мен мұғалімдер және жалпры мектеп ұжымы бір біріне алғыс хат жазып жылы лебіздерін білдіру мақсатында  алғыс хат алаңы ұйымдастырылды. Ал 1-наурыз күні Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Қалық Құба Жұлдызбен биология пәнінің мұғалімі  Ізбасар А.С  «Алғыс айтамын»  атты мерекелік өткізді.  Концерт барысында оқушылар өз өнерін көрсетіп  ойындар ойнатылды.  Ал концерт соңында марапаттау рәсімі өтіп онда  оқушылар «Үздік эссе жазушы», «Үздік суретші», «Ең қызықты алғыс хат»  сынды номинациялармен марапатталды.   Осылайша 1-наурыз  «Алғыс айту күні»  мерекесіне байланысты іс-шаралар жоғары деңгейде атап өтілді деп айтуға толық негіз бар!

 

 

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:         Кеулімжай М.Қ

Просмотров: 445

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст