"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Анам және мен

24.03.2019

Анам және мен

 

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн  көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер!

Мереке қарсаңында бастауыш сынып аруларымен аналарының арасында «Анам және мен» сайысын ұйымдастыруды жөн көрдік. Сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен ортаға сайысқа қатысушы аруларымызды шақырсақ

1

2

3

4

5

Жарысымыз әділ қазылық ететін, қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1

2

3

Келесі кезекте сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру кезеңі 5

2. Сұрақ-жауап кезеңі әр дұрыс жауап 5

3. Шебер  қолдар 5

4. Өнерім өмірім 5

5. Кішкентай аспаз 5

Сайысымыздың кезеңдері белгілі, түсінікті болса, реттілік номерін анықтау үшін жеребе тартайық.

Барлық сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз, қолдап қошеметтеп отырайық. Өз таныстыруын алғашқы болып бастайтын

 

 


Құтты болсын осы шаттық күніңіз 
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз 
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым 
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз, 
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз 

 

5 бала Бәрімізге анасың 
Біз үшін күн боп жанасың 
Құтты болсын мерекең 
Құттықтаймын анашым 

 

Жүргізуші:
Әсем әнім, сырнайды 
Әлем сүйіп тыңдайды 
Тамылжытып ән салмай 
Күнде думан болмайды демекші кезекті әдемі бір әсем әнге берсек. 
Ән: «Аналардың тілегі»  

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жүннен жасалатын бұйым?(кигіз)

2.Түйенің сүті?(шұбат)

3.Ұлыс күнінде жасалатын тағам?(наурыз көже)

4.Қыста жейтін малдың етін не дейміз?(соғым)

5.Қазақ қыздарының бас киімдері?(сәукеле)

6.Ең құрметті,жанашыр адам?(ана)

7.Қазақ халқының ұлттық ойындары?(аударыспақ,бәйге,теңге алу,күрес)

8.Сиырдың төлін қалай атаймыз?(бұзау)

9.Қойдың төлін қалай атаймыз?(қозы)

10.Ешкінің төлін қалай атаймыз?(лақ)

11.Жылқының төлін қалай атаймыз?(құлын)

12.Түйенің төлін қалай атаймыз?(бота)

13.Үй жануарларын ата.

14.Үй құстарын ата.

15.Апта күндерін ата.

16.Төрт түлік мал.

17.Қасиетті тағам

18.Жыл мезгілдері.

19.А дыбысынан басталатын кісі аттарын ата

20. Орманда мекен ететін жануарлар

 

 

1. Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.
2. Қонақасы. Халқымыздың ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасын беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.
3. Қол кесер. Соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға.
4. Сыбаға. Құрметті немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.
5. Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
6. Енші. Балалары ер жетіп үй болғанда ата – анасы оған дүние – мүлік, мал беріп, жеке шығарады.
7. Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады.

Просмотров: 341

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст