"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог - 2019

26.04.2019

24 - сәуір күні бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында аудандық "Үздік педагог - 2019" байқауы ұйымдастырылды. Байқау 5 кезеңнен тұрды: 1 кезең "Менің кәсіби ұстанымым", 2 кезең "Шығармашылық зертхана", 3 кезең "Шебер сынып", 4 кезең "Мен заманауи педагог" эссе, 5 кезең "Портфолио". Аудан бойынша барлығы 18 ұстаз қатысып, аталған кезеңдер бойынша өз жұмыстарымен таныстырды. Шығармашылық зертхана кезеңінде әр педагогтың пән бойынша жетістіктері мен сыныптан тыс жұмыстарының фото суреттері мен бейнебаяндары көресітіліп, еңбектерінің нәтижесі таң қалдырды. Сонымен қатар әр ұстаздың заманауи әдістері, технологиялары, педагогикалық шеберліктері оқу үрдісінде жүйелі қолданылып жүргендігі дәлелденді. Сайыстың қорытындысы бойынша "Жұмысына адалдығы үшін" номинациясы бойынша Пятигор ОМ ұстазы Абилькасимова Г.К., 3 - орынды Отрад ОМ ұстазы Мынбаева Ж.Т., 2 - орынды Тасты - Талды ОМ ұстазы Доспаева В., 1 - орынды Крупский ОМ ұстазы Сейтжанова М. және бас жүлдеге Өмірлік НМ ұстазы Абишева Ж.Б. ие болып, облысқа жолдама алды. 

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст