"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

08.05.2019

7 – мамыр «Отан қорғаушылар күні» жоғары деңгейде аталып өтті. Алдымен бастауыш сынып мұғалімдері Төлегенова М.М. мен Абенова Қ.Ш. ұйымдастыруымен ер балалар арасында «Ер – елінің ертеңі» атты байқау өткізілді. Нәтижесінде 3 орынды 4 сынып ұлдары, 2 – орынды 1 – сынып ұлдары 1 орынды 3 – сынып ұлдары, бас жүлдені 2 – сынып ұлдары иеленді. Сонымен қатар  мектеп ер ұстаздары мен ұл балалар арасында «Көңілді мәре»  спорттық сайысы өткізілді. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты – оқу процесінен бас алмайтын ұстаздарымыздың уақытын тиімді пайдалану, оқушылар арасындағы түсіністік пен ұйымшылдық қасиеттеріне сәл де болсын серпін қосу, қызықты ойындар ойнатып, көңілдерін сергіту болса, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сайыста «Арыстандар», «Болашақ» және «Қыран» топтары ортаға шақырылып, әр түрлі спорт түрінен жарысты. Іс-шараны мектебіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Кеулімжай М.Қ. ашып, сайысқа қатысушыларға жылы лебізін арнап, ойынға сәттілік тіледі. Жарысқа түскен бәсекелес топтар жарыс шарттарына сай кезеңдерден бақ сынады.  Ер азаматтар мен оқушылардың жүздері жадырап, қуанышқа бөленіп, бір серпіліп қалғандай. Нәтижесінде «Болашақ» тобы жеңімпаз атанып, «Арыстандар» тобы ІІ орынға, «Қыран» тобы ІІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс – шара қыздар қауымының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертпен өз жалғасын тапты. Концертте әсем әндер орындалып, тамашадан үзінді көрсетілді. Мың бұралған бишілер кештің сәнің кіргізді.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст