"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмірлік негізгі мектебіндегі жаңа жылдық мерекенің ұйымдастырылуы

09.01.2020

Жаңа -жыл  үлкеннің де кішінің де асыға күтетін мерекесі. Оқу жылы басталғанда жаңа жыл мерекесінің ауылы әлі алыс сияқты көрінгенімен мерекеге лезде жетіп те қалдық. Бұл мерекені барлығы сағына күтетіндіктен дайындықтың да  қызу болары сөзсіз. 24-желтоқсан күні Облыс әкімінің шыршасына мектебіміздің үздік оқушысы Тұрағал Ернұр Қуандықұлы қатысып, ақшалай сыйлық және арнайы жаңа жылдық тәттілерге ие болып келді. 25-желтоқсанда мектебімізде тегін тамақтанатын оқушылар аудан әкімінің шыршасына қатысып, ақшалай сыйлықпен және тәттілермен марапатталды. Барлық сыныптар жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Осылайша дайындықты бастап кеткен Өмірлік негізгі мектебінде 26-27 желтоқсан күндері «Болашақ» шағын орталығында, бастауыш сыныптарда және жоғары буында жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Мереке барысында барлық оқушылар мерекелік костюм киіп, бар  өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды да өздерінің ата-аналарын да әнімен, биімен,  өлеңдерімен т.б өнерлерімен тамсандырды.  5-9 сыныптар арасында жаңа жылдық мереке жарыс түрінде ұйымдастырылды. Сыныптар дайындаған өнерлерін жақсы көрсетті. 6-сынып оқушылары тышқан болып киініпте келіпті. Мереке соңында әділқазы алқалары  жүлделі орындарды марапаттады. І орын 6-сынып, ІІ орын 8-сынып, ІІІ орын 5-7-сыныптар иеленді.  Осылайша  біздің мектепте жаңа жыл мерекесі оқушылар үшін де ата-аналар үшін де қызықты болып,  жақсы көңіл- күймен тарасты.

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст