"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану ғажайыптары» атты жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бірлестігі апталығының қорытынды есебі есебі

29.01.2024

«Жаратылыстану ғажайыптары»

атты жаратылыстану математика бағытындағы пәндер бірлестігі апталығының қорытынды есебі

 

Мектебімізде «Жаратылыстану ғажайыптары» атты жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер апталығы 22-26 қаңтара аралығында өтті. 

Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасу.

 

«Жаратылыстану ғажайыптары» жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығының  жұмыс жоспары

Іс – шара тақырыбы

Күні

Сынып

Жауапты

1

Апталықтың ашылуы

22.01.24

5-8 сынып

ӘБ мұғалмдері

2

«Баскетбол ойыны кезінде допты алып жүру әдіс тәсілдері» дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ

22.01.24

4-сынып

Амангелдин Е.Ж.

3

«Математикалық эстафета» сыныптан тыс іс шара  

22.01.24

5-8 сынып

Алмуханбетова А.Т.

4

“Қысым”

физика пәнінен ашық сабақ

23.01.24

7-сынып

Амиргазина Т.М.

5

«Өнерлілер додасы» сыныптан тыс іс-шара

23.01.24

5-8 сынып

Байшин Қ.Т.

6

“Металдар мен бейметалдар»

химия пәнінен ашық сабақ

24.01.24

7-сынып

Рашева Г.Н.

7

«Қызықты физика»  сыныптан тыс іс-шара

24.01.24

5-8 сынып

Амиргазина Т.М.

8

«Халық санағы»

география пәнінен ашық сабақ

25.01.24

8-сынып

Алмуханбетова К.Ж.

9

«Географиялық қазына»  сыныптан тыс іс-шара

25.01.24

5-8 сынып

Алмуханбетова К.Ж.

10

“Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Қысқаша көбейту формулалары»

математика пәнінен ашық сабақ

26.01.24

5-7сынып

Алмуханбетова А.Т.

11

«Пейзаж» бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ

26.01.24

2-сынып

Байшин Қ.Т.

12

«Көңілді мәре» оқушылар мен ұстаздар арасында сыныптан тыс іс-шара

26.01.24

5-8 сынып

Амангелдин Е.Ж.

         Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 22  қаңтар күні апталықтың ашылуы болып, мектеп дәлізінде аталған пәндер бойынша көрме ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуы барысында оқушыларға түрлі викториналық, логикалы  сұрақтар қойылып, көңілді үстел ойындары ойнатылды. Оқушылар өз білімдерін сынай отырып, тәтті сыйлықтарға ие болды.

                       22 қаңтар күні 4-сыныпта дене шынықтыру пәнінен «Баскетбол ойыны кезінде допты алып жүру әдіс тәсілдері» тақырыбында пән мұғалімі Амангелдин Е.Ж. өткізуімен ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында мұғалім оқушыларға баскетбол ойынында қолданылатын допты алып жүру әдістері көрсетіліп, практикалық жаттығулар жасалды. Сабақ барысында оқушылар өз дене белсенділіктерін танытып, барлық жаттығуларды жақсы орындады. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып, теориялық білім қорытындыланды. 

                   Математика-информатика пәнінің мұғалімі Алмуханбетова А.Т. 5-7 сынып оқушылары арасында «Математикалық эстафета» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Іс шара барысында оқушылар түрлі эстафеталық жаттығулар жасай отырып, математикалық білімдерін шыңдай түсті. Түрлі логикалық есептерді шығара отырып, топпен жұмыс дағдыларын қалыптастырды.

 

23 қаңтар күні физика пәнінің мұғалімі Амиргазина Т.М. 7-сынып оқушыларымен «Қысым» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім теориялық, практикалық жұмысты ұштастыра отырып, ұлттық құндылыққа да аса көңіл аударды. Мысалы үй тапсырмасын сұрау мақсатында сұрақтар асықтармен таратылды. Оқушылар асықты таңдай отырып, берілген сұраққа жауап берді. Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға арнайы құралдар беріліп, практикалық іс-тәжірибе барысында қысымнаң пайда болуы және түрлері жайлы түсіндірілді. Сонымен қатар формуламен жұмыс барысында оқушылар берілген тақырыпта есеп шығарып, өз білімдерін көрсетті. Сабақты бекіту үшін https://wordwall.net/ сайтындағы интеративті тапсырмалар қолданылды.

               Осы күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байшин Қ.Т. 5-8 сынып оқушылары арасында «Өнерлілер додасы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар берілген тақырыпта суреттер салып, өз өнерлерін көрсетті. Топтық жұмыс арқылы тапсырмадарды орындап, топ болық сайысқа түсті.  Іс – шара ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, өткізілді.

                   24 қаңтар күні химия пәнінің мұғалімі Рашева Г.Н. 8-сыныпта «Металдар және бейметалдар тақырыбында ашқ сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.  Сабақ барысында мұғалім түрлі көрнекіліктер мен таратпа материалды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға тырысты. Сонымен қатар интербелсенді тақтаны қолдану арқылы сабақта жаңа технологиялық әдістерді пайдаланды.

                   Осы күні физика пәнінің мұғалімі Амиргазина Т.М. ұйымдастыруымен жоғары сыныптар арасынлда «Қызықты физика» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Іс шара барысында оқушылар түрлі физикалық құралдармен жұмыс жасай отырып, әр түрлі тәжірибелер жасады. Пәнге байланысты жұсбақтар жасырылып, сұрақтар қойылды. Іс -шара жоғары деңгейде өткізілді.

25 қаңтар күні география пәнінен 8-сыныпта «Халық санағы» тақырыбында география пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында ұлттық құндылықтарға сай өткізілді. Сабақтың мақсаты:  «Халық санының анықтау әдістерін түсіндіру». Үй тапсырмасын қайталау мақсатында «Асық» үстел ойыны  қолданылса, кітаппен жұмыс жасау үшін «Киіз үй» әдісі қолданылды.  Сабақты бекіту мақсатында

https://learningapps.org және https://www.liveworksheets.com/ интерактивті тапсырмалары қолданылды. Сонымен қатар сабақ барысында географиялық есептер де қолданылып шығарылды.  Дәл осы күні пән мұғалімі «Географиялық қазына»  сыныптан атты тыс іс-шара өткізді. Іс – шара барысында оқушылар өз білімдерін көрсете отырып, түрлі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді.

              27 қаңтар күні Алмуханбетова А.Т. ұйымдастыруымен “Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында біріккен сабақта математика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында пән мұғалімі теориялық тапсырмалармен қатар практикалық тапсырмалар қолданылды. Сонымен қатар сабақ барысында топтық, жеке, жұптық жұмыс түрлері қолданылды. Сонымен қатар пән мұғалімі сабақ барысында интербелсенді әдіс – тәсілдерді қоладну арқылы оқушылардың пәнге деген қзығушылығын арттырды.

             Осы күні  көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байшин Қ.Т. 2-cыныпта «Пейзаж» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында теориялық біліммен қатар, практикалық тапсырмалар берілді. Сонымен қатар оқушыларға акварельмен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді. Сабақ барысында оқушыларға шаттық шеңбері, сергіту сәті де ұйымдастырылды.

           Соынмен қатар осы күні мұғалімдер мен ұстаздар арасында Амангелдин Е.Ж. ұйымдастырумыен «Көңілді мәре» іс-шарасы ұйымдастырлды. Барлық оқушылар мен ұстаздар «Жігер», «Сұңқар», «Далабай» атты  үш топқа бөлініп, бақ сынасты. Командалар түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, нәтижесінде «Жігер» тобы жеңіске жетті.

       

Просмотров: 942


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст