Текст
2020 жылдың 4-ші қыркүйегінде Өмірлік негізгі мектебінде ҚР тілдері күніне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты ашылуға бастауыш және орта буын сыныптарының оқушылары қатысты. Олар үш тілде тақпақтар оқып, өлең айтты, сонымен қатар іс-шараның басты идеясын, яғни өз ана тілін білу, өзге халықтардың мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау әрбір Қазақстан азаматының міндеті екендігін айтты.