"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

16.09.2019

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін

оқыту әдістемесі

 

Мақсаты: әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзіжетілдіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау.
Міндеттері:
– Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жасау.
– Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктерін анықтау:
– Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс тәсілдерін қарастыру;
– Біріктірілген сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуда біртақырыптық сабақтардың өткізу әдістемесін жасау.
– Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы қазақ әдебиетінен біртақырыптық сабақ жоспарларының үлгілерін қарастыру.
– Шағын жинақты мектепте қазақ әдебиетінен біртақырыпты жұмыстардың түрлері және оны оқытуда пайдалану жолдарын қарастыру;
– Шағын комплектілі мектепте сабақ беретін мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін жинақтап қорыту.
Тақырыптың  өзектілігі:

Қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен тыс қалмайтыны бәрімізге белгілі. Білім беру саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға (интелект) дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің
ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру, оқулықтар, арнайы бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеу – күні бүгінге дейін өзекті мәселелер.

Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-                 мекендердегі мектептердің көпшілігі – шағын жинақты мектептер болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін мұндай мектептер саны жыл сайын өсіп келе жатыр. Себебі, оқушы саны ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен кеміп келе жатыр.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс
істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі болып табылады. Нақты айтқанда, 2007 жылғы шілденің 27-сінде (№319-ІІІ ҚРЗ) бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (24.10. 2011 ж. берілген
өзгерістер мен толықтыруларымен) ШЖМ-ке мынадай анықтама берілген: Шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері
Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп төмендегідей:
➢ біріктірілген сыныптармен;
➢ біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап – барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
       Бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасау оқу-тәрбие жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізіп, қиындық келтіреді. Шағын жинақты мектептердің әлі күнге дейін шағын жинақты мектеп ерекшелігін ескере отырып дайындалған қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің барлығы дерлік мұндай мектептерде жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқтығы, оқу-материалдық базаның әлсіздігі де жағдайды шиілендіре түсуде. Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының білім, білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты мектептердің білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың жалпы дамуына өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Қолданыстағы оқулықтар мен дидактикалық материалдар шағын жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік,
дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуге бағытталмайды.
 

Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға кері әсері:

➢ біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын
ғана жұмсайтын болғандықтан, көбінесе, қазақәдебиеті пәнінде (6-8 және
7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар көлемді,
сондықтан уақыт жетіңкіремейді;
➢ оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды
өзіндік жұмысты орындау барысында;
➢белгілі бір жастағыбалалар болмағандықтан , ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ,

➢ шағын жинақты мектепке бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған;
➢ оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық
айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талқылауға, өзгенің талдауын,
талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалып отырады;
➢ оқушылардыңөздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсерін тигізеді;
➢ шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты мектептердің кітапханалық қоры төмен.
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді тұстары:
➢ дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
➢ балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оныңқызығушылығын
арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
➢ оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделе бастайды;
➢ оқушылардың тәртіп бұзушылығы да аз болады;
➢ бір оқу бөлмесіндекүнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып  оқушылары төмен кіші сынып оқушыларына көмек береді;
➢ әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндіктері мол;
➢ аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
➢ оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға жағдай жасалады;
➢ үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз
білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады;
➢ оқушылардың бірін-бірі тексерулері мен өзін-өзі тексерулері және бағалаулары жүзеге асырылады.
       Біріктірілген сыныптағы сабақ – оқу-тәрбие үдерісінің негізгі нысаны болып келеді. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады,бірақөзгешеліктері де жоқ емес, бар.

Екі сыныпты қатар оқытқанда, сабақ берудің негізгі 3 типі болады:

- екі сыныпқа да жаңа материалды түсіндіру сабағы;

- екі сыныптың бірінде жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта қайталау немесе есепке алу сабағы;

-екі сыныпта да өткенді қайталау сабағы.

Сабақ құрылымы:
➢ мұғалім басшылығымен жұмыс;
➢ өздік жұмыс.
Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастырып байланыстыру уақытты тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.Тақырыпты түсіндіргеннен кейін мұғалім өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң сыныпқа өздік жұмысқа тапсырма береді.
                        Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білім жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.  Осыған сәйкес, білім беру үдерісінде қазіргі таңда қолданысқа енгізілген негізгі педагогикалық технологияларды: ойын арқылы оқыту, жобалау және зерттеу сын тұрғысынан ойлауды дамыту, пайдаланып мұғалім өз тәжірибесінде шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, сапалы білімге қол жеткізеді.
Осыған байланысты сабақты тиімді ұйымдастырудың жолы ретінде бірнеше мысалдар келтіре кетейін.

ШЖМ қызықты тартымды сабақ жүргізу тəсілдерінің бірі.

Мәтінмен жүйелі талдағанда «Шұғыл сурет» стратегиясы тиімді. Шарты: берілген мəтіннен мүмкіндігінше көбірек ақпаратты қабылдайды. Топ мүшелері əрқайсысы есінде қалған ақпаратты қағаз бетіне түсіре отырып, мəтінде берілген толық ақпаратты қалпына келтіру керек, топ мүшелерімен айтылған мəтінді талқыға салу.

Жаңа материалды түсіндіріп болған соң , мұғалім оқушылардан сұрақтарыңыз бар ма деп, жиі сұрайды. Алайда көп жағдайда оқушылар бұл сұрақтарды елей бермейді. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады? Сондықтан «Араның ұясы» атты педагогикалық əдісті пайдаланып біз осы мəселені түпкілікті шеше аламыз. Мұғалім оқушыларға тапсырма береді: жұппен кімнің не үйренгені жайлы пікір алмасып, өздері жазған коспектіні жəне оқулықты пайдаланып, білгілері келген екі сұрақты тұжырымдайды.

Осылайша, жаңа əдіске сүйене отырып, мұғалімнен алған ақпаратты өңдеу қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қандай қиындықтарға тап болғанын мұғалім еркін, əрі айқын көре алады.Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар төмендегі әдіс-тәсілдерді де ШЖМ педагогтері сабақтарда қолдануда.

*Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклеттерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

*Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

*Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.
*Топтық жұмыс дағдыларын дамыту әдісі (іскерлік ойындар). Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды өткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бөліктен тұрады.

1.Ойын модельдері;

2.Ойындар;

3.Имитациялық ойындар. 
Әдіс ретінде имитациялық ойын өзіне ойын элементтерін енгізетін көптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді.

Бұған енетіндер:

- рольдік ойындар

- тартысты ойындар

- шешім қабылдауға арналған ойындар

Аталған жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің басқа келешегі мол «кейс- стади» (нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы оқыту), рефлексия (өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және оқушылардың оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология), жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологияларын ерекше атап өтуге болады [8].

«Кейс стади» әдісін іске асыру мынадай кезеңдерді қамтиды.

1-кезең. Жағдаят жазылған мәтінді оқи отырып, оқушы өздігінше проблеманың мәнін түсінуге, жағдаятты бағалау үшін өз ұстанымын анықтауға, сұрақтарға жауап ойластыруға және проблеманы шешудің нақты жолдарын табуға тырысу керек.

2-кезең. Шағын топта жұмыс істеу. Оқушылар шағын топтарда (4-6 адам) кейстің негізін құрайтын проблемалар шеңберінде пікір алмасады, диалогтік қарым-қатынас және консенсус әдістері арқылы проблеманы бірлесіп шешеді. Бұл кезеңде «брейнсторминг» (ми шабулы), диалог және полилог, дискуссия,  сөз таластыру болуы мүмкін. Топтық талқылаудан кейін проблеманы шешудің жолдарын баяндауға қабілетті санаткер көшбасшылар айқындалады. Сабақтағы біртақырыптық кезеңдерде жағдаяттық тіл жаттығулары, сөздік жұмыстары, диалог және жоспар құру, түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытуға, сенімсіз жағдайда психологиялық кедергіні жеңуге көмектеседі. Осылардың барлығы оқушылардың ауызша  сөйлеу тілін дамытудың тиімді құралдарының бірі екендігін көрсетеді

Біріктірілген сыныптарда жоғарыда аталған педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда кеңінен қолдануға болады. Бірпәндік оқу жүйесі іс жүзінде сабақтарды жүргізуге екі сыныпта қатарынан оқытуға мүмкіндік береді.
          Әдебиет – бар білімнің іргетасы ретінде оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негіз болатын пән. Әдебиеттің көркем мазмұны, тақырыптық-идеялық сипаты еркін ойлауға бастайды. Әдебиетті оқытудың басқа пәндерден артықшылықтары да бар. Ол – рухани қалыптың жалпылық түсініктілігі, ұлттық, адамзаттық мұраттардың ортақтығы. Әдебиеттегі материалдарды игертуде оқушыларға қойылатын талап – көркем шығарманы талдау. Әдебиетті сатылы талдау мен деңгейлеп ұсыну оқушылар үйренген, қалыптасқан тәсіл ретінде де жұмыс істеуге жеңіл. Шығарма мен мазмұндама жазуға төселдіру үшін көркем шығарманы бірлесе оқу, талдау өнімді әдіс болып қала береді.

Осы мақсатқа сай 5-9-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламаларында білім мазмұнындағы тақырыптар әрбір сыныпта  қайталанып келеді, бірақ әртүрлі деңгейде. Осы тұрғыдан алғанда, әдебиетті оқытуда мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіріп оқытудың мүмкіндігі мол. 5- сыныптан 9-сыныпқа дейінгі «Қазақ әдебиеті» фольклордан басталып, 18-19 ғасырларды қамти келе, қазіргі әдебиетпен жалғасады. Осыған байланысты 5,7 біріккен сыныптарға арналған сабақ жоспарының үлгісін ұсынбақшымын.  

          Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақтың құрылымы негізінен 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады. Енді сол құрылымның әр бөлігіне жеке тоқталайық (1-кесте).

1-кесте – Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтың құрылымы

 

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен  тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.

ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Бұл кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке

беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.

Оқушының         өздігінен         орындайтын

жұмыстары

Мұғалім басшылығымен орындалатын

тапсырмалар

ІІІ Кіріктірілген бөлім Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бұл кезеңде екі сыныпқа да тақырыпты бекітуге  бағытталған  ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады

 

Қазақ әдебиеті пәнінен 5,7 сыныптарға арналған біріктірілген сабақ жоспарының үлгісі. (2 кесте)

Бүгінгі таңда білім берудің жаңартылған мазмұнға көшу процесі ШЖМ-дің біріктірілген сыныптарына үлкен салмақ түсіре отырып, бейімделу кезеңін бастан өткеруде. Сондықтан педагогикалық тәсілдемелерді, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттыруда көп септігін тигізеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст